2023 жылы 13 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Әлем таныған Қазақстан» атты тақырыптық көрмесін кітапханашы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен дайындалды. Көрменің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. Кітапхана қорының көрмесінде жалпы республика туралы жарқын және мазмұнды кітаптар мен «Мәңгілік ел – Қазақстан» кітабы бойынша дайындалған «Әлем таныған Қазақстан» атты буктрейлерді https://stepbibl.kz/?p=3917&lang=kk назарларыңызға ұсынылды.

